Автодайджест №33: "зарядталған" MINI, гибридті Lexus және басқа жаңалықтар
Жарияланған күні:
Lexus LX 700H сатылымы қашан басталады? BMW мыңға жуық седанды неліктен кері қайтарып жатыр? Қазақстанда көлік ұрланған жағдайда қайда жүгінуге болады? Сенімді жолғамайтын көліктер тізіміне қандай көлік модельдері енген? Кезекті автодайжесте осы сұрақтар қамтылған.
Stellantis V8-ден бас тартты
Mopar Insiders атап өткендей, корпорацияға тиесілі екі бренд 5,7 литрлік V8 Hemi модельдерін шығаруды тоқтатты. Олар: Ram 1500 Classic және Jeep Grand Cherokee L.
Ram пикаптары үшін бұл қозғалтқыш соңғы уақытқа дейін жұмыс істеп тұрған алдыңғы буын моделіне опция ретінде ұсынылған, ал Jeep төмен сұранысқа байланысты қуат беру қондырғысын алып тастады.
Айта кету керек, Ram 2500 моделі үшін "сегіздікті" сақтауды жоспарлап отыр. Бірақ Jeep қозғалтқыштан толығымен бас тартты.
Қазақстанда Ram 1500 әлі де 5,7 литрлік қозғалтқышпен ұсынылады, ал Jeep Grand Cherokee L тек V6-мен қол жетімді.
Аустралияда сирек кездесетін Nissan моделі ұрланды
Мельбурнде жапондық автоөндірушінің жергілікті өкілінің Skyline GT-R R32-сі ұрланған. Бұл туралы news.com.au.хабарлайды.
Ұрлықтың мән-жайы туралы мәліметтер жарияланған жоқ. Nissan туралы айтар болсақ, ол осы елге әкелінген 100 дананың бірі саналады, сирек кездесетін қызыл түсті және өзіне тән GTR 091 нөмір белгісіне ие. Купе 250 мың австралиялық долларға немесе 83,5 млн теңгеге бағаланады.
Қазақстанда ұрланған жағдайда қаржылық шығындарды өтеуге SmartCasco полисі көмектеседі. "Евразия" сақтандыру компаниясынан автоКАСКОНЫ сілтеме бойынша 50% жеңілдікпен немесе бөліп-бөліп сатып алуға, сақтандыру құнын есептеуге және оны ресімдеуге болады.
Электрлік MINI JSW ұсынылды
Париждегі автосалонда британдық марка Cooper мен Aceman "зарядталған" нұсқаларын көрсетті.
John Cooper Works орындаған екі модель де 258 ат күші бар электр қозғалтқышын алды, ол үш есікті хэтчті 5,9 секундта, ал кроссоверді 6,4 секундта "жүзге дейін" үдетеді. MINI екеуінің де максималды жылдамдығы 200 км/сағ шектелген.
Батареялары да бірдей. Оның сыйымдылығы 54,2 кВт/сағ. тең. Алайда, Cooper бір зарядта Aceman-ға қарағанда 16 км артық жүреді (сәйкесінше 371 және 355 км).
Сыртқы түрі бойынша JCW нұсқалары дәстүрлі түрде аэродинамикалық өлшемімен, экстерьердегі және интерьердегі қара және қызыл басымдықтарымен және 19 дюймдік дөңгелектермен ерекшеленеді.
Еуропада MINI Cooper JCW және Aceman JCW-ді осы жылдың өзінде-ақ сатып алуға болады. Бағалар хетч үшін 42,4 мың еуродан және кроссовер үшін 45,5 мың еуродан немесе ағымдағы бағам бойынша 22,5 млн және 24,1 млн теңгеден басталады. Модельдер Қазақстанға да келуі мүмкін, бірақ 2025 жылдан ерте емес.
Lexus LX жаңа нұсқаларын алды
Жапондық маркалы жол талғамайтын көлік модель тарихында алғаш рет гибридті модификацияға, сондай-ақ Overtrail жиынтықтамасы ие болды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.
LX 700h қуат беру қондырғысы 3,5 литрлік V-тәрізді 6 цилиндрлі битурбомотордан, 10 сатылы "автоматтан" және олардың арасында орналасқан электр қозғалтқышынан тұрады. Алайда, жүйенің жиынтық қайтарымы, сондай-ақ батарея сыйымдылығы әлі ашылмаған.
Гибридте сыртқы айырмашылықтары жоқ, ал жол талғамайтын нұсқасы (Cover trail) эксклюзивті шанақ бояуын, қараңғы сәндік элементтерді және балшықты резеңкеге оралған 18 дюймдік дөңгелектерді алады. Техникалық айырмашылықтардың арасында үш дифференциалды бұғаттаудың болуы бар.
Lexus LX 700H және Over trail сатылымдары 2025 жылдың басында басталады деп жоспарланған. Қазақстанда модель бензин және дизель қозғалтқыштарымен ұсынылады.
BMW шамамен 1 мың седанды кері қайтарып алуға шешім қабылдады
Неміс автомобиль өндірушісі АҚШ-тағы жаңа 5 және 7 серияларды жаппай қайтарып алу туралы жариялады, деп жазады autoevolution.
Бұл кампанияның себебі рульдік біліктің ақаулы кардандық топса болды, ол белгілі бір маневрлерде сынып кетуі мүмкін, бұл көлікті жүргізу барысында қиындықтарға әкеледі.
Кері қайтарып алу 2024 жылғы 17 маусым мен 17 шілде аралығында шығарылған бензинді, гибридті және электр қозғалтқыштары бар BMW модельдеріне қатысты. Сонымен қатар, өндірушінің айтуынша, тек он машинада ақаулы қосалқы бөлшектер бар, қалғандары кеңейтілген диагностиканы күтуде.
Мұқият қарау керек болатын жол талғамайтын көліктер аталды
Expocar компаниясының сарапшысы Александр Ковалев Motor.ru сенімді жол талғамайтын көліктердің тізімімен бөлісті. Олардың кейбіреулері бізде де сұранысқа ие.
Сонымен, Toyota-ның үш моделі-Sequoia, Land Cruiser 200 және Prado 150 бірден тізімде бірінші орынға шықты. Ковалевтің пікірінше, олар конструкциясының қарапайымдылығымен және төзімді аспасымен ерекшеленеді. Алайда сатып алу кезінде коррозияға бейім рамасына назар аударған жөн.
Mitsubishi Pajero осындай бағаға ие болды, бірақ оның рамасы мен шанағында ақаулар бар.
ТОП-5-ті қытайлық Haval H9 аяқтайды. Сенімді рамасы мен аспасына қарамастан, бұл модельдің бір кемшілігі бар- бұл электрикасына қатысты.
*26.12.2022 жылы берілген ҚНРДА № 2.1.20 лицензиясы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2174942-avtodaidzhest-33-zariadtalgan-mini-gibridti-lexus-zhane-basqa-zhangalyqtar/