Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан қор биржасында доллар 3 теңгеге қымбаттады

Жарияланған күні:

Доллар және теңге
Доллар және теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасында күндізгі сауда барысында доллар бағамы қайта өсіп, 3 теңгеге жуық қымбаттады. Бұл жөнінде KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,68 теңгеге көтеріліп, 487,81 теңге болды.

KAZ.NUR.KZ сайтындағы айырбас бағамы жөніндегі мәліметке сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату мына бағамдар бойынша жүргізіліп жатыр:

  • Астанада: сатып алу – 486-486,20 теңге, сату – 491-491,70 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 486-487,50 теңге, сату – 489,90-491,70 теңге.

Ал Kurs.kz сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды мынадай бағамен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматыда: сатып алу – 486-488,5 теңге, сату – 488,5-495 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 486-487 теңге, сату – 490-492,5 теңге.

Айта кетейік, өткен аптаның ортасында Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 490 теңгеге жуықтаған еді. Ал 21 қазанда биржада доллар 3 теңгедей арзандады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2179652-qazaqstan-qor-birzhasynda-dollar-3-tenggege-qymbattady/