Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Доллар және теңге
Доллар және қазақстандық теңге. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасындағы бүгін, 29 қазандағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,39 теңгеге көтеріліп, 491 теңге болды. Бұл туралы KASE-ге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,39 теңгеге көтеріліп, 491,70 теңге болды.

KAZ.NUR.KZ сайтындағы айырбас бағамының мәліметіне сәйкес, қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату мына бағамдар бойынша жүргізіліп жатыр:

Астанада: сатып алу – 487 теңге, сату – 492,50-493 теңге;

Алматыда: сатып алу – 487-490,10 теңге, сату – 492,50-493,10 теңге.

Ал Kurs.kz сайтындағы мәлімет бойынша, Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде долларды мынадай бағамен сатып алуға және сатуға болады:

Алматыда: сатып алу – 485-490,6 теңге, сату – 491-495 теңге;

Астанада: сатып алу – 488-489 теңге, сату – 493-494 теңге.

Айта кетейік, кеше, 28 қазанда күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,68 теңгеге көтеріліп, 487,81 теңге болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2180219-qazaqstandagy-aqsha-aiyrbastau-oryndarynda-dollar-qymbattady/