Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан тағы 85 миллиард иен көлемінде қарыз алмақ

Жарияланған күні:

Йен
Йен. Көрнекі фото: Tatomm / iStock / Getty Images Plus

Мәжіліс отырысында депутаттар "Қазақстан мен Халықаралық қайта құру және даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді" жұмысқа алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Депутат Татьяна Савельеваның мәлімдеуінше, Халықаралық қайта құру және даму банкінен Қазақстан Республикасына 11 жыл өтеу мерзімімен 84,9 миллиард иен көлемінде несие берілмек.

"Заң жобасы Үкімет қаулысымен 2024 жылғы 18 қарашада енгізілген. Бұл келісім Астанада 2024 жылғы 11 қазанда жасалған. Халықаралық қайта құру және даму банкінен Қазақстан Республикасына өтеу мерзімі 11 жылға 84,9 миллиард иен көлемінде несие берілмек.

Қарыз қаражаты жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін тартылады. Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобасы бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауларыңызды сұраймыз", - деді депутат Савельева.

Еске салсақ, бұған дейін Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Қазақстан экономикасын қолдау мақсатында алынады деп жоспарланған халықаралық несие туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2189936-qazaqstan-tagy-85-milliardqa-zhuyq-ien-qaryz-almaq/