Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк төрағасы: Бағамды нарықтың өзі сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі негізінде анықтайды

Жарияланған күні:

Тиындар доллар алдында
Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов брифинг барысында журналистердің "Базалық мөлшерлемені көтеру шешіміне байланысты валюталық интервенциялар әлі де жүргізіле ме?" деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
Министр: Теңгенің әлсіреуіне байланысты пәтер қымбаттауы мүмкін

Журналистер Ұлттық банк төрағасынан алдағы күндері тағы да интервенция жасау мүмкіндігі туралы сұрады.

"Мен мұны бірнеше рет атап өттім, тағы да қайталаймын: біз валюта бағамын таргеттемейміз. Бағамды нарықтың өзі сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі негізінде анықтайды. Біз нарыққа тек қатысушы ретінде кіреміз. Иә, ұлттық қордан аударылған трансферттердің бір бөлігін сатамыз немесе кейде сатып аламыз, бірақ белгілі бір мөлшерлемені, мысалы, 500, 490 немесе 510 теңгені мақсат етпейміз. Интервенцияны өз қалауымыз бойынша емес, нарықты тұрақтандыру қажет болған жағдайда ғана жасаймыз", - деді Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, кейінгі бірнеше күнде долларды нарықта ешкім сатпаған.

"Сыртқы экономикалық қызмет субъектілері үшін қолма-қол ақша мен өтімділікке сұраныс болды. Қазір бұл интервенцияларды тоқтаттық – айырбас бағамы таза нарықтық факторлардың әсерінен қалыптасуда. Егер күрт ауытқулар немесе алыпсатарлық әрекеттер болмаса, қайталама интервенцияларды жүргізу жоспарланбайды", - деп түсіндірді Ұлттық Банк басшысы.

Еске сала кетейік, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 15,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

Осыдан кейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені 14,25-тен 15,25 пайызға көтеру туралы шешімнің неліктен қабылданғанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2194299-ulttyq-bank-toragasy-qazaqstanda-dollardy-belgili-bir-denggeige-zhetkizu-maqsat-emes/