Қазақстанда доллар бағасы сәл төмендеді
Жарияланған күні:
Читать на русскомБүгін, 29 қарашада өткен күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы екі теңгеге жуық төмендеп, 511 теңгені құрады. Бұл туралы KASE-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Доллар бағамы тәулікте 1,83 теңгеге төмендеп, 511,22 теңгені құрады.
Kurs.kz порталының мәліметінше, қазіргі уақытта қазақстандық айырбастау пункттерінде долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:
- Алматыда: сатып алу – 502-519 теңге, сату – 518-524 теңге;
- Астанада: сатып алу – 512 теңге, сату – 520 теңге.
Бұл ретте NUR.KZ айырбастау бағамы бетінде қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу-сату мына бағам бойынша жүзеге асырылып жатқаны көрсетілген:
- Алматыда: сатып алу – 513-518,5 теңге, сату – 519,5-523 теңге;
- Астанада: сатып алу – 513-514 теңге, сату – 519-523 теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2194410-qazaqstanda-dollar-sal-tomendedi/