Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлттық банк бюджетке аударымдарды қамтамасыз ету үшін 900 миллион долларға дейін сатуды көздеп отыр

Жарияланған күні:

Ақша
Көрнекі фото: depositphotos.com

Ұлттық банк бүгін теңге бағамына қатысты жағдай аясында валюта нарығы бойынша мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қараша айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 5 пайызға әлсіреп, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге дейін барды.

Ұлттық банк деректеріне сәйкес, Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа күндік көлемі бір айда 278 млн-нан 262 млн АҚШ долларына дейін төмендеді. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 5,5 млрд АҚШ доллар.

"Республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін қараша айында Ұлттық қордан 1 260 млн АҚШ долларына валюта сатылды. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 23%-ын және күніне 60 млн АҚШ долларынан аспайтын мөлшерді құрады. Ұлттық Банк Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде нарықтың бейтарап қағидатын сақтайды. Бұл шетел валютасын ұдайы және біркелкі сатуды білдіреді", – делінген хабарламада.

Ең бастысы, үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлуге 2024 жылғы желтоқсанда Ұлттық Банк Ұлттық қордан 800 млн-нан 900 млн АҚШ долларына дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп күтіледі.

"Валюта нарығында тепе-теңдікті арттыру үшін 2024 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі валюталық түсімнің 50%-ын міндетті түрде сатуы туралы норма қайта күшіне енді. Квазимемлекеттік сектор компаниялары валюта нарығында екінші деңгейлі банктер арқылы дербес сатады", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, банктің хабарлауынша, қарашада аталған операция аясында Ұлттық Банктің алтын-валюта резервтерінен сату көлемі 133,8 млн АҚШ долларын құрады. Осылайша, қарашада «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның акцияларын сатып алу бойынша мәмілені шығару аясында валюта сату аяқталды.

Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныс артқаны, соның ішінде айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында ұсыныстың да шектелгені байқалды.

"Бірқатар іргелі факторлар нашарлағандықтан, тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау үшін, теңгенің айырбастау бағамының шамадан тыс құбылмалылығын реттеп, шетел валютасының ұсынысын қамтамасыз ету үшін 15–28 қараша аралығында Ұлттық Банк валюталық интервенция жүргізді. Айдың қорытындысы бойынша валюта сату көлемі 1 047 млн АҚШ долларына жетті", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2195046-ulttyq-bank-biudzhetke-audarymdardy-qamtamasyz-etu-ushin-900-million-dollarga-deiin-satudy-kozdep-otyr/