Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңге нығаяды деп айта алмаймыз": сарапшылар теңге бағамына болжам жасады

Жарияланған күні:

Әмиян мен доллар
Әмиян мен доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қарашаның аяғында теңге қатты құлдыраған соң сарапшылардың ұлттық валюта бағамына қатысты болжамы өзгерді. Олар бір айдан соң теңгенің долларға шаққандағы бағамы 524,1 болады деп болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
2024 жылғы 23 желтоқсан: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары

Қауымдастық сайтындағы мәліметке қарағанда, қаржы нарығындағы сарапшылардың ұлттық валюта бағамына қатысты болжамы көңіл көншітпейді. Мамандар бір айдан соң теңгенің долларға шаққандағы бағамы 524,1 теңге көлемінде сақталады деп болжайды. Бұған қоса, теңге нығаяды деуге ешкімнің батылы бармай отыр. Сарапшылар алдағы бір жылда доллар ұлттық валютаға қарағанда 6 пайыз нығайып, 545,2 теңгеге дейін жетеді деп есептейді.

Қауымдастық материалында сауалнама желтоқсанның басында өткізілгені айтылған. Сол кезде ұлттық валюта қатты құлдыраған, осының өзі сарапшылар болжамына әсер еткен болуы мүмкін.

Бұған қоса теңге бағамына ішкі факторлар мен Ресей рублінің тұрақсыздығы ғана емес, мұнайдың арзандауы да әсер етуі мүмкін. Бір жылдан кейін мұнайдың бір баррелі 71,7 доллар (бір ай бұрын 77,4 долларға бағаланған) болуы ықтимал. Өйткені Қытай мен Еуропа тараптарынан шикізатқа сұраныс аз, ал АҚШ мұнай өндірісін ұлғайтқан.

Сонымен бірге 2025 жылы Қазақстан да мұнай өндірісін азайтуы мүмкін. Себебі ОПЕК+ алдында жақында қабылданған міндеттерін орындауы керек.

Тағы бір маңызды жайт, инфляция жасалған болжамдар да көңілден шықпайды: бір жылдан кейін ол 9,5 пайызға жетуі мүмкін (бір ай бұрын 8,4 пайыз болған).

Осының бәрі Қазақстанның ішкі жалпы өнімінің өсу қарқынына әсер етпей қоймайды: 4,4 пайыз. Ал Ұлттық банк 4,5-5,5, ұлттық экономика министрлігі 5,6 пайыз өсім күтіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшылары теңге желтоқсан айында да қысымнан арылмайтынын мәлімдеген.

Сонымен бірге сарапшылар доллар бағамы қайтадан 500 теңгеге оралуы мүмкін бе деген сауал төңірегінде пікір айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2198628-tengge-nygaiady-dep-aita-almaimyz-sarapshylar-tengge-bagamyna-bolzham-zhasady/