Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар бағамы 500 теңгеден арзандауы мүмкін бе: сарапшылар жауап берді

Жарияланған күні:

Әмиян мен доллар
Әмиян мен доллар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы әлсіреуі Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктері мен санкциялық қысымдарға байланысты болып отыр. Доллар бағамы қайтадан 500 теңгелік межеге оралуы мүмкін бе? Жауабын KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

28 қарашада валюталық сауда-саттық нәтижесінде доллар бағамы айырбастау орындарында 527 теңгеге дейін көтерілгенімен, қазіргі уақытта 513 теңге деңгейінде тұрақтады.

Telegram-дағы Tengenomika арнасы сарапшылары соңғы екі күндік дүрбелең теңгеге "ауыр тигенін" хабарлады. Екі күннің ішінде USD-KZT жұбының сауда көлемі рекордтық 1,2 млрд долларға жеткен, оның ішінде 713,3 млн доллары 28 қарашада тіркелген.

"Қазір теңгенің құбылмалығының қайнар көзі мұнай операцияларын жүргізудің негізгі операторы "Газпромбанкке" қарсы санкциялардың енгізілуі аясында "көкке ұшқан" ресей рублінің факторы болып көрінеді", - деп есептейді сарапшылар.

Яғни, рубльдің АҚШ долларына шаққандағы күрт әлсіреуі салдарынан теңге де әлсіреді. Сарапшылар мұны Қазақстан мен Ресейдің ұлттық валюталары арасындағы бір рубльді 5 теңгеге жеткізуді көздейтін ұзақ мерзімді тепе-теңдікпен байланыстырады.

Осындай күйзелістердің аясында қазақстандықтарды теңгенің болашақ тағдыры мен доллар бағамы 500 теңгелік межеге түсе ала ма деген сұрақтар қызықтырады.

Қазіргі экономикалық жағдайды ескере отырып, сарапшылар теңгенің тұрақтылығы мен доллардың арзандауы мүмкіндігіне күмәнмен қарайды.

"Қазақстан экономикасының құрылымын және Ресеймен сауда байланысының тығыздығын ескерсек, ұлттық валютамыз сыртқы экономикалық әсерлерге тәуелді болып қала береді. Бұл байланыс кеден одағы мен ЕАЭО аясында күшейе түсті", - дейді сарапшылар.

USD-KZT бағамының болашағы көбіне Ресей рублінің доллармен арақатынасына тәуелді болады, сондықтан оның бағасы қандай болатынын болжау өте қиын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2194205-dollar-bagamy-500-tenggeden-arzandauy-mumkin-be-sarapshylar-zhauap-berdi/