Қазақстанда 2025 жылы жәрдемақы мен зейнетақы қаншалықты өседі
Жарияланған күні:
2025 жылы Қазақстанда әртүрлі есептік көрсеткіштер артып, олармен бірге айыппұлдың ғана емес, жәрдемақы мен зейнетақының да мөлшері артады. Әлеуметтік төлемдер мөлшері қанша сомаға өсетіні туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.
2025 жылы Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3 932 теңгеге және ең төменгі күнкөріс деңгейі 46 228 теңгеге дейін өседі. Бұл сомалар елдегі барлық жәрдемақы мен зейнетақы төлемдері мөлшеріне әсер етеді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5 пайызға, ал ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға өседі.
Бұдан басқа мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына дейін, ең жоғары – 120 пайызға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен арттыру іске асырылады.
Мәселен, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65 пайызнан 70 пайызға дейін ұлғайтылады, бұл – 2 360 теңге, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110 пайызға дейін арттырылып, 50 851 теңгеге жетті.
Базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге болады. Бұл сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.
Жәрдемақылар қаншаға өседі
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы мөлшері өседі. Атап айтқанда,
- 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғаяды;
- мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін ұлғаяды;
- I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін ұлғайтылады.
Сондай-ақ, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер 6,5 пайызға артады. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2206721-qazaqstanda-2025-zhyly-zhardemaqy-men-zeinetaqy-qanshalyqty-osedi/