jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Кей дәрілер айтарлықтай қымбаттаған: Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы өсті

    Ақша және дәрі
    Ақша және дәрі. Көрнекі сурет: Наталья Самбулова/Getty Images

    Қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер орташа есеппен 8,6%-ға қымбаттады. Әсіресе "Корвалол", "Канефрон N" мен "Ацикловир" бағасы көтерілген. Дәрі нарығы туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.

    Қаңтар айының қорытындысы бойынша Қазақстанда ай сайынғы баға өсімі 1,1%-ға жетіп, жылдық инфляция 8,9%-ға дейін үдей түсті. Азық-түлік, азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен қызметтерден бөлек, кейбір дәрі-дәрмектің де бағасы өсті.

    EnergyProm порталы атап өткендей, бір жыл ішінде Қазақстанда фармацевтикалық өнімдер орта есеппен 8,6%-ға қымбаттады. Баға ең көп өскен өңір – Қарағанды облысы (14%-ға). Одан кейін Астана (10,9%-ға) мен Абай облысында (10,4%-ға) ең жоғары өсім байқалып отыр.

    Бағаның ең аз өсімі Маңғыстау (6,3%-ға) және Ақмола (5%-ға) облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында (4,9%-ға) тіркеліп отыр. Алматыда баға бір жылда 7,9%-ға, ал Шымкентте 8,2%-ға өсті.

    Жекелеген өнімдердің ішінде "Корвалол" (30,7%-ға), "Канефрон N" (27,9%-ға), "Ацикловир" (18%-ға), ацетилсалицил қышқылы (16,8%-ға) және "Мультитабс Classic" (15%-ға) поливитаминдері айтарылқтай қымбаттаған.

    Сондай-ақ йод (9,3%-ға), белсендірілген көмір (7,9%-ға) және парацетамол (7,6%-ға) сияқты кеңінен таралған дәрілік заттардың да қымбаттауы байқалды. Айта кетерлігі, бұл дәрі-дәрмектің барлығы өткен жылы да айтарлықтай қымбаттаған.

    Ал "Эссенциале форте Н" бағасы жыл бойы өзгерген жоқ, "Аквалор Форте" спрейінің бағасы аздап түскен (0,3%-ға).

    Дәрі-дәрмек бағасының көтерілу себептерінің бірі Қазақстанның осы саладағы импортқа тәуелділігі болуы мүмкін. Мәселен, 2024 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстанға құны 1,5 миллиард доллар болатын 30 мың тонна дәрі-дәрмек импортталды.

    Осылайша провитаминдердің, витаминдердің және олардың туындыларының отандық өндірісі ішкі нарықтың 1,7%-ын, ал антибиотиктер өндірісі – 20,3%-ын ғана алады. Қалған дәрілер Қазақстанға сырттан әкелінеді, яғни олардың құнына маркетинг, логистика және басқа да шығындар да әсер етеді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram