Отандық банкирлер қазіргі жағдайға қатысты халыққа бірнеше кеңес берді
Жарияланған күні:
Бүгінгі таңда Қазақстан қаржы жүйесі мен банктердің тұрақтылығына қатысты алаңдаушылыққа еш негіз жоқ. Бүгін Қазкоммерцбанк осылай мәлімдеме жасады.
Банк мамандары салымшыларға өз кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды BNews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
"Салымшының өз тәуекелін диверцификациялауына таңдауы және нақты мүмкіндігі бар. Ол үшін келесі қадамдарға баруы керек. Ең бірінші, қызбалықпен депозитті жабуға қатысты шешім қабылдамаңыз. Онда сыйақыдан қағыласыз, ақша инфляция көлемінде құнын жоғалтады (2014 жылы 6-8%), қаржыны үйде сақтау арқылы қосымша қауіп туады", - делінген хабарламада.
Банкирлердің ақшаны үш валютаға бөліп сақтауға (мысалы, 40% теңгемен, 40% доллармен, 20% еуромен) кеңес береді. Бұл кез келген бағамның өзгеруінен қорғайды. Бір валюта шығынын екінші валюта өсімі толтырады.
Қазір салымды басқа валютаға айырбастауға асықпаңыз. Валюта бағамы тұрақтанғанын күтіңіз. Өйткені теңге және валюталық депозиттер арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің айырмасы жоғары.
Ақшаны сейфте сақтау ақшаның құр жатуына байланысты пайдалы емес. Сонымен қатар, тұтынушы сейфты жалға алғаны үшін ақша төлейді. Егер ақшаны алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда алдын ала оны қауіпсіз алып кету және сақтау жағын ойластырыңыз. Банк бөлімшесінен кетерде аса сақ болыңыз, өйткені қылмыс жасайтындар осы жағдайды жақсы пайдаланады.
"Депозит ашу үшін қомақты сома қажет деген стеоротиптен арылыңыз. Аздап ақша салып, мақсатқа біртіндеп жақындай түсу керек. Егер сомаңыз кепілдік берілген 5 млн теңге көлемінен асып кетсе, онда жинағыңызды 5 млн теңгеден бірнешеуге бөліп бірнеше банккке салып қойыңыз. Өйткені Қазақстанда 30-дан астам банк жұмыс істейді, яғни таңдау бар. Біреуге ірі жүйелі банк ұнайды, ал екіншісі жұмысы жақсы шағын банкті таңдайды", - дейді банк қызметкерлері.
"Көпшілікке банк капиталындағы акционері қатарында мемлекеттің немесе халықаралық инвесторлардың ірі қатысы болуы қосымша сенміділік береді. Егер сіздің жинағыңыз 5 миллион теңгеден асып кетсе, оны тек бір банкте сақтағыңыз келсе, онда бірнеше депозитке бөліп отбасы мүшелерінің атынан сақтай аласыз. Осылайша оның әрқайсысын Депозиттерге кепілдік беру қоры жеке салымшы ретінде сақтандырады. Ал жалпы алғанда отбасының барлық жинағын осылайша сақтандыра аласыз", - дейді Қазкоммерцбанк.
Қазақстандағы банк жүйесі осындай қиыншылықты бірнеше рет басынан кешкен. Оның ішінде әлем нарығынлағы тұрақсыздық, жаһандық экономикалық дағдарыс та бар.
Сол кезеңде қазақстандық банктер инвесторлардың, салымшылар және кредиторлардың сенімін сақтай отырып қиыншылықты жеңіп шықты.
Айта кетерлігі, Қазақстанда салымшыларды қорғаудың жақсы тетігі қалыптасқан. Қазақстан банктерінің барлығы тұрғындардың салымын міндетті ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесіне тікелей қатысады. Бұл барлық жеке тұлғалардың теңге және шетел валютасымен салымы деген сөз.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2013 жылдың 1 қарашасынан бастап валюталық депозиттердің жоғарғы мөлшерлемесін 5,5%-дан 4,5%-ға түсірді. Теңге депозиттерінің жоғарғы пайыздың мөлшерлемесі 9% күйінде қалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/303324-otandyk-bankirler-kazirgi-zhagdajga-katysty-halykka-birneshe-kenes-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.