Жалпы ішкі өнім бойынша Қытай АҚШ-тан озып кетеді
Жарияланған күні:
Қытай Американы экономикалық өсім бойынша басып озып келеді.
IHS консалтинг компаниясы аспан асты елі алдағы 10 жылда ішкі жалпы өнімі бойынша АҚШ-ты шаң қаптырып кететінін есептеп қойған.
Мұндай өсімді мамандар тұтыну шығындарының артуымен байланыстырады. Компанияның Азия елдері бойынша бас қаржыгері Раджив Бисвас елдің ішкі тұтынуы жыл сайын 7 пайызға өсіп отырғанын айтты.
Сондықтан, Қытайдың ішкі жалпы өнімі доллар эквивалентінде Американы 2024 жылы басып озады.
Осы уақытқа дейін АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі үш есеге өссе, аспан асты елінің өсімі бес есеге артатыны жайлы болжам бар
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/330584-zhalpy-ishki-onim-bojynsha-kytaj-aksh-tan-ozyp-ketedi/