Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады

Опубликовано:

Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады. Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссия басшыларымен кездесуі барысында президент Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

"Сарапшылар 2020 жылға қарай Еуропа мен Азия арасындағы тауар айналымы 60 пайыздан асады деп болжауда. Осыған байланысты біз де бірқатар шараларды қолға аламыз. Биыл "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" халықаралық дәлізінің қазақстандық бөлігінде құрылыс аяқталады, бұл - 2700 шақырым автокөлік жолы. Бұл автокөлік дәлізі Қытайдан Еуропаға тасымалданатын жүкті 45 күннен 14 күнге дейін қысқартады. Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразия құрлығындағы негізгі буынға айналады. Бұл Тынық мұхитты Каспий теңізімен жалғастырады, Қытайды Орталық Азия елдерімен, Батыс Еуропамен байланыстырады. Баршаңыз өткен жолы Қазақстан-Түркіменстан-Иран теміржолының іске қосылғанына куә болдыңыздар", - деді мемлекет басшысы.

Президент осының барлығы Қазақстанды аймақтық-көліктік коммуникациялық бизнес пен қаржы хабына айналдыруға бағытталған шаралар екенін атап өтті.

Сонымен қатар, елбасы ағымдағы жылы шетелдік инвесторлар үшін жаңа ынталандыру шаралары туралы заң күшіне енгенін айтты.

"Тұтастай алғанда, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, "Нұрлы Жол", ЭКСПО-2017 көрмесі - осының бәрі шетелдік әріптестерімізбен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ең тиімді жағдай жасайды деп сенеміз", - деген мемлекет басшысы шет елдермен жұмыс істеуге Қазақстан қашан да ынталы екенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/355438-kazakstan-euraziya-kyrlygyndagy-negizgi-buynga-ajnalady/

pixel