Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе" бағытындағы жаңа әуе рейсі іске қосылды

Опубликовано:

6 сәуірден бастап Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе бағытындағы жаңа әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлады Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

"Жаңа әуе рейсін Bek Air әуе компаниясы ашты. Бұл бағытта аптасына екі рет - дүйсенбі және жұма күндері Fokker-100 әуе кемесі ұшырылады. Алдағы уақытта рейстердің саны көбеюі мүмкін. Билеттер құны 7 мың теңгеден басталады", - делінген хабарламада.

Қарағанды әуежайынан Астанаға дейін ұшу уақыты 30 минутты, Ақтөбеге дейін 3 сағат 50 минутты құрайды. Қарағанды облысында көптен бері елорда мен батыс аймақтарға ұшатын рейске қажеттілік туындағаны айтылады. Бұл бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізілді, түрлі нұсқалар қаралды.

"Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру ішкі бағыттағы әуе желілерінің дамуына серпін берді. "Алматы-Қарағанды-Астана-Ақтөбе" әуе рейсінің ашылуы хаб принципі бойынша елдің макроаймақтарын құру бағытында алға қойған мақсатқа жету жолындағы қадам", - деп тап өтті Қарағанды облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынан.

Рейс кестесі жолаушылардың ыңғайына қарай құрастырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/363020-almaty-karagandy-astana-aktobe-bagytyndagy-zhana-eue-rejsi-iske-kosyldy/

pixel