Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юань есеп айырысу валютасы ретінде еуроны шаң қаптырды

Опубликовано:

Қытайлық юань есеп айырысу валютасы ретінде еуроны шаң қаптырып, доллардан кейінгі екінші орынға шықты деп хабарлайды Астана арнасы.

Биылғы жылдың «күзі» әлемдік қаржы нарықтарына біраз қиыншылықтар әкелуі ықтимал. Қаржы саласы мамандарының болжамынша, 2015 жылдың аяғына қарай федералдық резервтік жүйе саясаты қатаңдатылып, пайыздық мөлшерлемені көтеру циклі басталады.

Ал «Финанс.ру» сарапшыларының айтуыларынша, бұған, біріншіден, Грекияның еуроаймақтан шығу ықтималдығы және екіншіден қытайлық юань позициясының өсуі себеп бола алады.

Қазіргі таңда Қытай экономикасы қарыштап дамып келе жатқаны белгілі. Мәселен, халықаралық «SWIFT» жүйесі деректеріне сүйенсек, юань қолданыстағы валюта жарысында еуроны шаң қаптырып, доллардан кейінгі екінші орынға орныққан.

Қытайлық юань есеп айырысу валютасы ретіндегі де рейтингін жақсартқан. Мысалы, 2010 жылы ол 35-орында болса, 2015 жылы 5-орынға дейін көтерілген.

Бұл жайт әлемдік саудадағы доллар экспансиясы мен үстемдігін жоюға ықпалын тигізуде. Ал бұл Азия аймағы, Шығыс Еуропа және Ресейге жағымды әсер етіп, Батыс пен Американың алаңдаушылығын тудыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/799699-yuan-esep-ayyrysu-valyutasy-retinde-eu/

pixel