Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жұмысшылардың құқығын шектеген жаңа Еңбек кодексі сарапшылардың жағасын ұстатты

Опубликовано:

Жаңа Еңбек Кодексі сарапшылардың жағасын ұстатты. Айтуларынша, әбден қысқарған құқықтық құжат жұмыс берушілердің шашбауын көтеріп, қызметкерлердің құқығын шектеп тастаған деп хабарлайды КТК арансы.

Мәселен, енді жұмысқа тұрғысы келген мүгедек дені сау адамдар секілді сынақ мерзімінен өтуі тиіс. Ол 6 айға дейін созылуы мүмкін екен. Тіпті еткен еңбегі көңілден шықпаса, жұмыс берушіге оны қуып шығуға дейін құқық беріліпті. Яғни, жарымжандар барлық жеңілдіктерден ажырап, сау адамға теңестірілген. Тіпті қосымша еңбек демалысы да қысқарыпты.

Ал «сыйақы» деген бап мүлдем түсіп қалған. Яғни бұдан былай бастық қаласа ғана қол астындағыларды қаржылай марапаттайды. Сол секілді еңбек шарты да енді басыбайлы басшылардың билігінде. Ұнаса, ұзартып, қажет деп тапса, бұзып жібере алады. Айта кетейік, жаңа Еңбек кодексі алдағы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

"Жаңа Еңбек кодексіне сай, мемлекеттік мекемелер секілді басқа жеке компаниялар да зейнет жасындағыларды жұмыстан шығарып жіберуге құқық алды. Бұрын олардың еңбек ету құқығы қорғалатын. Ол тұрмақ, жұмыс берушілер дағдарысты пайдаланып жаппай қысқартуға құқық алды", - дейді сарапшы Роман Панов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/976483-zhumysshylardynh-quqyghyn-shektegen-zhanha/

pixel