jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Отбасы банк" басшысы жаңа "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы туралы айтып берді

    Баспана
    Баспана. Көрнекі фото: Pixabay.com

    Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Отбасы банктің" басшысы Ләззат Ибрагимова елімізде "9-20-25" деп аталатын жаңа ипотекалық бағдарлама ашылатынын айтты. Оның айтуынша, бағдарлама шарттары 2024 жылы белгілі болады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "9-20-25" бағдарламасы жоспарымызда бар. Бізде көпбалалы отбасылар, мүгедектерді тәрбиелеп отырған жанұялар, 1-2-топтағы мүгедектер және жетім балаларға арналған "Бақытты отбасы" мемлекеттік бағдарламасы бар.

    Кейінгі кезде жас отбасылар "бір баламыз бар, енді аяққа тұрып жатырмыз, бірақ баспанамыз жоқ; мемлекеттік қызметкер емеспіз, бұл санаттар бойынша кезекке тұра алмаймыз" деп жиі хабарласады.

    Жас отбасыларға қамқорлық жасағымыз келеді, оған қоса, 20 миллионыншы азаматтар дүниеге келіп жатыр. Біз мөлшерлемесі сәл жоғары бағдарлама әзірлегіміз келеді. Оны жоспарлап та қойдық. Бірақ бағдарламаның шарттары мен механизмі 2024 жылы нақты белгілі болады", - деді "Отбасы Банк" АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова.

    Ләззат Ибрагимова бағдарлама әлі басталмағанын, ешқандай шектеу жоғын жеткізді. Оның сөзінше, банк мамандары алдағы уақытта тиісті есептеулерді жүргізеді.

    "Отбасы банк" басшысы жаңа "9-20-25" ипотекалық бағдарламасы туралы айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.