jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Абай жастары" ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды

    Баспана
    Көпқабатты пәтер. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Семейде "Абай жастары" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаға құжат қабылдау басталды. Бұл туралы қала әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

    Әкімдік ақпаратынша, бір қатысушыға берілетін қарыздың ең жоғары мөлшері – 15 000 000 теңге. Егер пәтер құны 15 млн теңгеден асатын болса, айырманы өтініш беруші өз қаражаты есебінен қосымша төлейді.

    Бағдарламаның негізгі шарттары:

    • бастапқы жарна пәтер бағасының 10 пайызына тең;
    • пайыздық мөлшерлеме – 6 пайыз.
    • несиелеудің ең ұзақ мерзімі — 19 жылға дейін.

    Өтініш берушінің төлем қабілеттілігі "Отбасы Банктің" ішкі құжаттамасына сәйкес айқындалады.

    "Абай жастары" бағдарламасына кімдер қатыса алады

    1. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға кезекте тұрған барлық кезекте тұрғандар 18 жастан бастап 35 жасқа дейін.
    2. Журналистер (БАҚ-тың штаттық қызметкерлері) 18 жастан 35 жасқа дейін.
    3. Мемлекеттік және бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін мәдениет және спорт қызметкерлері (18 жастан 35 жасқа дейін).
    4. Денсаулық сақтау қызметкерлері (мемлекеттік, республикалық және бюджеттік ұйымдарда/мекемелерде,КММ, ШЖҚ КМК штаттық қызметкерлері (18 жастан 35 жасқа дейін қоса алғанда).

    Бұл ретте ерлі-зайыптының екеуінің де жасы 35-тен аспауы керек.

    Қалай және қайда өтініш беру керек

    Өтінімдерді "Абай облысы Семей қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ қабылдайды. Мекенжайы: Уранхаева 53, 2-қабат.

    Құжаттарды қабылдау биыл 20 тамыздан бастап 22 тамызға дейін жалғасады. Құжаттарды сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін өткізуге болады.

    Бағдарламаның толық шарттарымен Семей әкімдігінің ресми сайтында танысуға болады.

    "Абай жастары" ипотекалық бағдарламасына құжат қабылдау басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.