"Дүрбелең тудырмас үшін": Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін интервенция жүргізгенін мәлім етті
Опубликовано:
Ұлттық банкте өткен брифингте төраға Тимур Сүлейменовке Ұлттық банк валюталық интервенция жасамағанда доллар бағамы қандай болуы мүмкін деген сауал қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
"Интервенция жасамағанда курстың қандай боларын болжау қиын. Бірақ бір нәрсені айтуға болады – егер бұлай араласпағанда, тұрақсыздық, мүмкін дүрбелең де болуы мүмкін еді. Өйткені нарық агенттері, яғни сататын немесе сатып алатындар – олар біз сияқты адамдар, егер олар бағамның күрт өсіп бара жатқанын көрсе, жаппай доллар сатып алуға көшер еді. Сондықтан қор биржасында және қаржы жүйесінде дүрбелең басталып кетпес үшін интервенция жасауға тура келді", - деді Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов.
Ол Ұлттық банктің араласуынсыз жағдай әлдеқайда тұрақсыз болар еді деп сендірді.
"Ұлттық банк нарықта жоқ, біз валюталық интервенция жасамаймыз және бұл жағдайды нарық өзі тұрақтайды деп үміттенеміз", - деп аяқтады сөзін Сүлейменов.
Айта кетейік, валюталық интервенция – бұл Ұлттық банктің валюта нарығындағы ұлттық валютаны ұстап тұруға немесе әлсіретуге бағытталған әрекеті. Бұл процесс барысында жаппай үлкен көлемдегі валюта сатып алынады немесе сатылады.
- Ұлттық банк төрағасы: Бағамды нарықтың өзі сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі негізінде анықтайды
- 2024 жылғы 29 қараша: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2194323-durbeleng-tudyrmas-ushin-ulttyq-bank-tengge-bagamyn-turaqtandyru-ushin-interventsiia-zhurgizgenin-malim-etti/