Ұлттық банк көшелерде валюта бағамдары туралы ақпарат ілінетін таблоларды алып тастамақ
Жарияланған күні:

Қазақстан Ұлттық банкі валюта бағамы жазылып тұратын көшедегі таблоларды алып тастамақ. Тиісті түзетулер "Ашық НҚА" порталында жарияланды, деп хабарлайды Ұлттық банк ресми сайтында.
Ұлттық банк таратқан хабарламаға сай, бүгінгі таңда "Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 2019 жылғы 4 сәуірдегі № 49 Басқарма қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Ұлттық банктің басқарма қаулысының жобасы әзірленген.
"Қазіргі уақытта теңгеге қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату бағамы туралы мәліметтерден тұратын айырбастау пункттерінің сыртқы ақпараттық стендтері сыртқы (көрнекі) жарнамаға жатпайды және тиісінше олар жол бойында, жаяу жүргіншілер жолында, ғимараттардың қасбетінде, жол белгілерінің үстінде және қоғамдық орындарда орналастырылады. Кейбір жағдайларда ақпараттық стендтер орнату көлік қозғалысында қауіпсіздік талаптарын бұзады, жол қозғалысына қатысушыларға жол жағдайын қабылдауға кедергі келтіреді", - делінген хабарламада.
Осыны ескере отырып, жобада аталған ақпараттық стендтерге қойылатын талаптарды қайта қарау көзделіп отыр. Соған сәйкес қолма-қол шетел валютасын сатып алу және (немесе) сату бағамы туралы ақпарат айырбастау пунктінің үй-жайы ішінде ғана орналасуы керектігі жөнінде түзету қабылданбақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2231409-ulttyq-bank-valiuta-bagamdaryna-qatysty-malimdeme-zhasady/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде