jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Тіпті жұбайы ақша ала алмайды": Мәдина Әбілқасымова банк карталарына қатысты жаңа ережелер туралы айтты

    Банк картасы мен ақша
    Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова үкімет кулуарында неліктен банк картасынан қолма-қол ақшаны тек иесі ала алатыны туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мәдина Әбілқасымова бұл бағытта қауіпсіздік шаралары қабылданғанын атап өтті.

    "Бұл – есірткінің заңсыз айналымына және алаяқтыққа қарсы күреспен байланысты карточкаларға қатысты ережелерді қатаңдату аясында қабылданған шара. Біз бір банкте бір адамға ашылған карта саны 10-нан аспауы керек деген шектеу енгіздік. Бір адамға 200-ден астам карта берілген жағдайлар болды, олар – дропперлер", - деді Қаржы нарығын реттеу агенттігінің басшысы.

    Оның айтуынша, күйеуінің картасынан тіпті әйелі ақша ала алмайды.

    "Бұл картаны пайдалану талаптарының қатаңдатылуымен және картаны сол адамның өзі пайдаланғанын верификациялаумен байланысты. Жалпы алғанда, төлем картасы оны пайдаланып жүрген адамға тиесілі екенін тексерген дұрыс", - деп түйіндеді сөзін Әбілқасымова.

    "Тіпті жұбайы ақша ала алмайды": Мәдина Әбілқасымова банк карталарына қатысты жаңа ережелер туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.