jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Тәуелсіз сарапшы қазақстандықтардың ипотекаға баспана алу мүмкіндігі азаятынын айтты

    ипотека11
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Екінші деңгейлі банктерде ипотекалық бағдарламалар пайыздық мөлшерлемеге қатысты ережеге байланысты қолжетімсіз болуы мүмкін. Бұл туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

    Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бұған дейін ипотекалық несие мөлшерлемелерін төмендетуді 2025 жылдың 1 қарашасына дейін тоқтата тұру туралы бірлескен қаулы шығарған еді.

    Осылайша, 2025 жылдың 1 қарашасынан бастап ипотекалық тұрғын үй заемдары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20 пайыздан аспауы керек (қазіргі уақытта ең жоғарғы мән 25 пайыз).

    Ал жақында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерді.

    Тәуелсіз сарапшы Андрей Чеботарев өзінің Telegram-дағы Finance.kz арнасында Қазақстанда коммерциялық ипотека толық тоқтап, мемлекеттік бағдарламалар ғана қалуы мүмкін деген түйінге келіп отыр.

    Банктердің өз ақшасы болмайды

    "Неге банк сізге 20 пайыздық үстемемен пәтер сатып алуға ақша бермейді? Базалық мөлшерлеме 18 пайыз болса, банк 20 пайызбен ипотека бере алмайды, себебі бұл оның тәуекелдері мен шығынын жабу үшін тым төмен маржа.

    Есіңізде болсын, банктің жеке қаржысы жоқ — тек салымшылардың ақшасы бар. Банк салымшыларға депозиттер бойынша сыйақы төлеуге, қайтарылмаған төлем тәуекелін жабуға, операциялық шығындарды жабуға және де акционерлерге пайда табуға міндетті.

    2 пайыздық маржа бұл шығынды өтей алмайды, әсіресе 20 пайыз ЖТСМ екенін ескерсек, TONIA, ақша құнының мөлшерлемесі – 19 пайызға жетуі мүмкін", - деп атап өтті сарапшы.

    Басқаша айтқанда, 20 пайыз деңгейінде белгіленген жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесімен банктер рұқсат етілген ең жоғары мөлшерлеме бойынша ипотекадан пайда таба алмайды. Сондықтан олар мұндай құралдарды жұртшылыққа ұсынуды тоқтатуы мүмкін.

    Нәтижесінде қазақстандықтар жеңілдетілген ипотека мен "Отбасы Банкінің" тұрғын үй сатып алу ұсыныстарын ғана қанағат тұтуы мүмкін. Өйткені екінші деңгейлі банктерге өз ипотекалық бағдарламаларын ақтау үшін кем дегенде 4-6 пайыз маржа қажет, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне қойылатын шектеу күшіне енсе оған қол жеткізу мүмкін емес.

    Тәуелсіз сарапшы қазақстандықтардың ипотекаға баспана алу мүмкіндігі азаятынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.