jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда қай банктер ипотека бере бастады

    Тұрғын үй нарығы
    Жылжымайтын мүлік. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстанда кей банктер пайыздық мөлшерлемесін көтеріп немесе тек серіктестік бағдарламалар арқылы ипотека бере бастады. Ипотека нарығындағы өзгерістер туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені рекордтық деңгей – 18 пайызға көтергеннен кейін көптеген банк нарыққа бейімделу үшін ипотека беруді тоқтатқан еді.

    Алайда "Крыша" порталының хабарлауынша, қазір кей банктер жаңа шарттармен ипотекалық несие беруді өнімдер тізіміне қайта енгізе бастады.

    "Ипотека нарығы құлдыраған жоқ, бірақ ол айтарлықтай өзгерді. Бұрынғы пайыздық мөлшерлемемен берілетін классикалық бағдарламалар жойылып, олардың орнын гибридті шешімдер алмастыруда: құрылыс компанияларымен серіктестік және кепілмен қамтамасыз етілген ипотека сияқты біріктірілген өнімдер бар", - деп жазады басылым.

    Қай банктер ипотека береді:

    • Halyk Bank бастапқы нарықтағы пәтерлерге серіктестік ипотекасын ұсынады және жылдық пайыздық мөлшерлемесі 20-25 пайыз болса да, екінші нарықтағы үйлерге өтінім қабылдауды бастады.
    • "Банк ЦентрКредит" өткен аптада ипотеканы қайта енгізді, бірақ бұл банк те мөлшерлемені 20-25 пайызға көтерді.
    • Freedom Bank әлі де стандартты және каскадты ипотекалық несиелер бойынша техникалық баптау жүргізіп жатыр, жақында банктің сайтында және мобильді қосымшасында жаңа мөлшерлеме қолжетімді болады. Қазіргі таңда "7-20-25" бағдарламасы мен серіктестік бағдарламалар арқылы несие алуға болады.
    • Altyn Bank әзірге бастапқы нарықтағы үй/пәтер алуға серіктестік ипотеканы ғана ұсынып отыр.

    Осылайша қазіргі таңда қазақстандықтарға ипотека қолжетімді, бірақ несие беру ережелері айтарлықтай өзгерген.

    Қазақстанда қай банктер ипотека бере бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.