jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Шолпан Нұрымбет Home Credit Bank басқарма төрайымы болып тағайындалды

    Шолпан Нұрымбет
    Шолпан Нұрымбет . Фото: Home Credit Bank

    "Home Credit Bank" АҚ (ДБ "ForteBank" АҚ) директорлар кеңесі басқарма құрамындағы кадрлық өзгерістер туралы хабарлайды. Қабылданған шешімге сәйкес, Шолпан Нұрымбет банктің басқарма төрайымы лауазымына тағайындалды.

    Шолпан Нұрымбет – Қазақстанның қаржы саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар жоғары білікті маман. Ол әр жылдары еліміздің жетекші банктерінде, соның ішінде "ForteBank" АҚ, "Банк Kassa Nova" АҚ және "Альянс Банк" АҚ құрылымдарында жауапты басшылық қызметтер атқарған.

    "Интеграция кезеңінде Шолпан Нұрымбеттің тағайындалуы банктің басқару командасын айтарлықтай күшейтеді. Біз Кирилдің кәсібилігі мен Home Credit Bank-тің дамуына қосқан елеулі үлесі үшін өз ризашылығымызды білдіреміз. Оның стратегиялық көшбасшылығы операциялық тұрақтылықты нығайтуға және банкті трансформацияның келесі кезеңіне дайындауға мүмкіндік берді.

    Қазіргі кезеңде банктің басты міндеті – жұмыстың сабақтастығын қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын сақтап қалу. Шолпан Нұрымбеттің басқарушылық тәжірибесі біздің команданы күшейтіп, банктің стратегиялық бағыттар бойынша ілгерілеуін жеделдетеді", - деді "Home Credit Bank" АҚ (ДБ "ForteBank" АҚ) директорлар кеңесінің төрағасы Тимур Исатаев.

    "Осы маңызды кезеңде банкті басқару – мен үшін үлкен жауапкершілік әрі зор құрмет. Home Credit Bank мықты сарапшылық әлеуеті, орнықты клиенттік базасы және даму мен жаңашылдыққа бағытталған корпоративтік мәдениеті бар қаржы ұйымы. Командамен бірге біз технологиялық шешімдерді жетілдіруді, сервистер сапасын арттыруды және операциялық тиімділікті нығайтуды жалғастырамыз. Клиенттерімізге одан да заманауи әрі қолайлы қаржы өнімдерін ұсыну – басты басымдықтарымыздың бірі. Алда бізді интеграция мен жаңарту жұмыстарының ауқымды кезеңі күтіп тұр, және көрсетілген сенім үшін директорлар кеңесіне алғыс айтамын", - деп атап өтті Шолпан Нұрымбет.

    Кадрлық өзгерістер шеңберінде Кирил Бачваров Home Credit Bank басқарма төрағасы ретіндегі қызметін аяқтап, интеграция жөніндегі кеңесші лауазымына ауысады.

    Анықтама:

    Шолпан Нұрымбеттің "Home Credit Bank" АҚ (ДБ "ForteBank" АҚ) басқарма төрайымы қызметіне тағайындалуы Қазақстан Республикасының уәкілетті органы – ҚРҚНРДА-ның тиісті келісімі алынған күннен бастап күшіне енеді.

    Шолпан Нұрымбет Home Credit Bank басқарма төрайымы болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.