jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Kaspi Мейрамханалар: есепті жылдам төлеу және даяшыға шайпұл беру

    Kaspi Мейрамханалар
    Фото: Kaspi.kz

    Kaspi.kz жаңа әрі ыңғайлы Kaspi Мейрамханалар сервисін іске қосты. Енді есепшотты төлеу үшін төлем терминалын күтудің қажеті жоқ. Kaspi.kz суперқосымшасын ашып, үстелдегі QR-кодты сканерлеп, тапсырысты бірден төлеп, қаласаңыз шайпұлды тікелей даяшыға аудара аласыз.

    Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі:

    "Әрқайсымызда есепті төлеу үшін терминалды күтуге және шайпұл беру үшін даяшының телефон нөмірін бөлек сұрауға тура келетін жағдайлар болған. Біз қонақтарға кез келген уақытта тапсырысты ыңғайлы төлеуге және жақсы қызмет үшін алғыс ретінде шайпұл қалдыруға мүмкіндік беретін Kaspi Мейрамханалар сервисін жасадық. Сүйікті клиенттерімізге астары дәмді болуын тілейміз және бізбен бірге болғандарыңыз үшін алғыс айтамыз!"

    Жаңа сервис тек клиенттер үшін ғана емес, мейрамханалар үшін де уақытты үнемдеуге көмектеседі. Енді даяшылар төлем қабылдауға уақыт жұмсамай, қонақтарға көбірек көңіл бөле алады. Kaspi Мейрамханалар сервисі қазірдің өзінде Қазақстан бойынша шамамен 800 мейрамхана мен дәмханада қолжетімді.

    Kaspi.kz туралы

    Kaspi.kz миссиясы – клиенттер мен серіктестердің өмірін жақсартатын инновациялық өнімдер мен қызметтер жасау. Инновациялардың орталығында – елдегі ең танымал мобильді суперқосымша Kaspi.kz. Оны шамамен 15 миллионға жуық қазақстандық пайдаланады, ол елдегі электронды сауда, төлем және қаржылық жетекші сервистерді қамтиды.

    Kaspi.kz суперқосымшасы арқылы қазақстандықтар тегін жеткізу қызметі бар тиімді онлайн зат сатып алып, комиссиясыз төлемдер мен аударымдар жасайды, жеке қаржыларын басқарады, әуе және теміржол билеттерін сатып алады, турлар рәсімдейді және ең танымал мемлекеттік қызметтерді пайдаланады.

    Kaspi.kz бизнес үшін де Kaspi Pay суперқосымшасын әзірледі, оны Қазақстандағы шамамен 700 мыңға жуық кәсіпкер пайдаланады. Kaspi Pay арқылы кәсіпкерлер бизнесін дамытуға қаржыландыру алады, төлем қабылдайды, жарнамалық науқандар жүргізеді, салық төлейді, электрондық сауда және жеткізу платформасына қосылады, оның көмегімен тауарларын бүкіл ел аумағында сатады.

    Гарвард Бизнес мектебі Kaspi.kz туралы екі оқу материалын әзірледі, оны бірнеше жылдан бері магистратура студенттері оқып келеді.

    *03.02.2020 жылғы ҚР ҚНРДА №1.2.245/61 лицензиясы.

    Kaspi Мейрамханалар: есепті жылдам төлеу және даяшыға шайпұл беру

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.