jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда несиелер есептен шығарылатыны туралы ақпарат рас па: құзырлы мекеме жауабы

    Табысты есептеу
    Ақша санап отырған әйел. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

    Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несиелер есептен шығарылатыны туралы желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ агенттікке сілтеме жасап.

    "Әлеуметтік желілерде таралып жатқан екінші деңгейдегі банктердегі кредиттердің есептен шығарылатыны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

    Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, тек ресми ақпарат көздерін пайдалануларыңызды сұраймыз, сондай-ақ әр түрлі делдалдардың көмегіне жүгінбеуге кеңес береміз", - делінген агенттік хабарламасында.

    Құзырлы мекеме жалған ақпарат үшін жауапкершілік көзделгенін ескертті.

    "Еске саламыз, Қазақстан Республикасының заңнамасында жалған ақпарат таратқандарға жауапкершілік көзделген.

    Қазіргі таңда елде қарыз алушылардың банктермен, микроқаржы ұйымдарымен (МҚҰ) және коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасауының бірыңғай тетігі бар. Бұл туралы толығырақ ақпарат Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында қолжетімді", - деп қосты агенттік өкілдері.

    Қазақстанда несиелер есептен шығарылатыны туралы ақпарат рас па: құзырлы мекеме жауабы

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.