jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қазақстандық банк арқылы 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілген": Тоқаев бақылауды күшейтуді тапсырды

    ақша
    Ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коммерциялық банктердің заңсыз, күмәнді операцияларына бақылауды күшейту қажеттігін мәлімдеді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Жақында төраға Элиманов қазақстандық банктердің бірі арқылы былтыр көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілгені" туралы баяндады. Менің ойымша, бұл заңға, экономикаға, тіпті саясатқа қайшы келетін ерсі жағдай.

    Өкінішке қарай, мұндай алаяқтық қаржы схемаларына қатысты фактілер азаймай тұр. Осыған дейін айтқанымдай, бұл кесел әлеуметтік саланы да жайлады. Мемлекет қаржысын жымқырушылардың заңды белден басқан қомағай әрекеті еш ақылға сыймайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігіндегі жиында.

    Айта кетелік, бүгінгі жиында мемлекет басшысы заңды тұлғалардың күмәнді табыстарды заңдастыруына қатысты жазаны күшейтуді тапсырды.

    "Қазақстандық банк арқылы 7 триллион теңгеден астам қаржы "жөнелтілген": Тоқаев бақылауды күшейтуді тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.