jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Қазақстандықтар 2026 жылы қаржы жоспарын қалай құру керек

    Деньги под колпаком
    Фото: Depositphotos

    Қазақстандықтар биыл табысын арттырудың таптырмас мүмкіндігін пайдаланып қалуына болады. Бұған мөлшерлемесі жоғары депозиттер көмектесе алады. Десе де өз мақсатыңа қарай депозиттерді дұрыс таңдай білген жөн.

    Ақша жинау үшін қаражатыңыздың белгілі бір сомасын тұрақты түрде алып отырудан бөлек, оны құнсызданудан сақтап, шығынға батпау амалдарын жасау керек.

    Бұл талаптарға 2026 жылдың басындағы жағдай бойынша келесі банк депозиттері сай келеді:

    • Қауіпсіздік – мұндай депозиттер бір банк (ЕДБ) шеңберінде жалпы сомасы 20 млн теңгеге дейін қайтаруға кепілдік береді;
    • Ыңғайлылық – онлайн режимінде депозит ашуға немесе толықтыруға, сондай-ақ ақшаны шешіп алуға болады;
    • Пайда – салым түріне қарай Ұлттық банк мөлшерлемесінің жоғары – 18% көлемінде (депозиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді ставкасы 20 процентке дейін жетуі мүмкін) болуы нәтижесінде.

    Алайда пайда көбірек болуы үшін депозит түрін дұрыс таңдау керек – бұл сыйақы мөлшерлемесіне ғана емес, биылға арналған нақты қаржы мақсатына да байланысты.

    Мақсатыңыз барынша тиімді түрде ақша жинау болса

    Қазақстандықтар тұрғын үй, автокөлік, оқу ақысы және т.с.с. мақсаттарға ақша жинау туралы ойлануы мүмкін. Мұндай мақсаттарға ірі сомада қаражат керек (мәселен, бастапқы жарнаға).

    Бұл жағдайда теңгем түріндегі жинақтаушы депозиттер жақсы шешім бола алады – мұндай депозиттердің сыйақы мөлшерлемесі әдетте ең жоғары болады. Мәселен, Forte Bank осындай мақсаттарға арнап "Шешіп алуға болмайтын жинақтаушы" депозитін ұсынады. Оның шарттары мынадай:

    • Тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) – жылына 5,7-тен 20 процентке дейін;
    • Ең аз салым мөлшері – 100 000 теңгеден басталады;
    • Толықтыру – онлайн және кез келген уақытта;
    • Мерзімі – 3 айдан 24 айға дейін;
    • Қайтару кепілдігі – 20 000 000 теңгеден бастап.

    Бірақ ақшаны мерзімінен бұрын шешкен кезде жылдық сыйақы 0,1% көлемінде төленеді. Ал ақша салымшы талап түсірген уақыттан бастап 30 күнтізбелік күннен ерте қайтарылмайды.

    Ұзақ мерзімді мақсаттарға арналған депозиттер

    Қазақстандықтар ақшасын жұмсап қоймай, ұзақ уақытқа сақтағысы келсе, ұзақ мерзімді салым түрін таңдай алады.

    Ондай жағдайда Forte Bank-тің теңгемен немесе АҚШ долларымен сақтауға болатын "Шешіп алуға болмайтын" депозиті таптырмас шешім. Оның шарттары мынадай:

    • ЖТСМ – теңгемен 5,7-ден 14,9 процентке дейін, ал АҚШ долларымен 1%;
    • Салымның минималды сомасы – 100 000 теңгеден немесе 300 доллардан бастап;
    • Толықтыру – онлайн және кез келген уақытта;
    • мерзімі – 12 ай;
    • қайтару кепілдігі – 10 000 000 теңгеге дейін (доллар түріндегі депозит үшін 5 000 000 теңге).

    Бұл ретте ақшаны ішінара шешіп алуға болады, ал мерзімінен бұрын шешкен кезде сыйақы теңге түріндегі депозиттер үшін тек жылдық мөлшерлемесі 0,5% (доллар түріндегі депозиттер үшін 0,1%) мөлшерінде төленеді.

    Жедел мақсаттарға арналған икемді депозиттер

    Егер қазақстандықтар шұғыл қажет болып қалса деген мақсатта 3 жалақыдан 6 жалақы көлемінде қор жинап қойғысы келсе, "Шешіп алуға болатын депозит" тамаша шешім болмақ.

    Сонымен бірге оны қажет болған жағдайда жұмсау үшін де пайдалануға болады. Мәселен, түрлі мақсаттарда жалақыны сақтап қойып, ұдайы шешіп алып отыру үшін. Осылайша, қаражат құнсызданбай, жинала береді.

    Депозитті теңге түрінде де, доллар түрінде де, тіпті еуромен де келесі шарттар бойынша ашуға болады:

    • ЖТСМ – теңгемен – 14,9-дан 15,6 процентке дейін, доллар және евромен 0,8-ден 1 процентке дейін;
    • Салымның минималды сомасы – 1 000 теңгеден немесе 10 доллар немесе болмаса еуродан басталады;
    • Толықтыру – онлайн немесе кез келген уақытта;
    • мерзімі – 3 айдан 12 айға дейін, алайда ақшаны ішінара шешіп немесе салымды мерзімінен бұрын, сыйақыны жоғалтпай жауып тастауға болады;
    • қайтару кепілдігі –10 000 000 теңгеге дейін (шетел валютасымен 5 000 000 теңге).

    Осылайша, қазіргі жағдайда депозиттер ақша жинаудың анағұрлым сенімді әрі тиімді түрі саналады. Ал 2026 жылы барынша пайда табу үшін әркім өзінің қаржылық мақсатына қарай дұрыс құралды таңдаса болғаны.

    *PR құқығында

    *Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 03.02.2020 ж. «ForteBank» АҚ-ға берген №1.2.29/197/36 лицензиясы.

    Қазақстандықтар 2026 жылы қаржы жоспарын қалай құру керек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.