Биыл тұрғын үй депозиттеріне мемлекеттен аударылатын сыйлықақы мөлшері қандай
Опубликовано:
Читать на русском
Тұрғын үй депозиті бар қазақстандықтардың шотына 1 наурызға дейін мемлекеттік сыйлықақы түседі. Оның ең жоғарғы мөлшері биыл – 157 280 теңге, бірақ сыйлықақы соңғы бір жылда қажетті соманы жинағандарға ғана беріледі. Толығырақ KAZ.NUR.KZ порталынан оқыңыз.
Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі жұмыс істейді. Қазіргі уақытта бұл жүйеге тек "Отбасы банк" қатысады, бірақ жақын арада басқа екінші деңгейлі банктерде де іске қосылады деп күтілуде.
Тұрғын үй депозиттерінің ерекшелігі – банк сыйақысынан бөлек, жылына бір рет мемлекеттік сыйлықақы төленеді. "Крыша" порталының мәліметінше, биыл төлем 1 наурызға дейін түседі.
2026 жылы сыйлықақының мөлшері қандай
Мемлекеттік сыйлықақы 2025 жылы тұрғын үй депозитін ашқан қазақстандықтарға беріледі. Ең жоғары сома жыл бойы депозитін 200 айлық есептік көрсеткішке дейін толықтырған салымшыларға төленеді.
Наурызда аударылатын ең жоғары сыйлықақы мөлшері – 157 280 теңге. Бұл соманы алу үшін қазақстандықтар былтыр кемінде 786 400 теңге немесе 200 айлық есептік көрсеткішке тең (2025 жылы бір айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңге болған) салым жинауы керек еді.
Маңызды:
- былтыр депозитіңізді 200 АЕК-тен жоғары сомамен толықтырған болсаңыз, артық сомаға сыйлықақы берілмейді;
- 200 АЕК-тен аз жинаған болсаңыз, бір жыл ішінде жинақтаған сомаңызыңдың 20 пайызы беріледі;
- егер депозит бір жыл ішінде толықтырылмаса, мемлекеттік сыйлықақы берілмейді;
- егер салымшының бірнеше депозиті болса, мемлекеттік сыйлықақы тек біреуіне ғана беріледі.
Айта кетерлігі, бұл ынталандыру механизмі тек "Отбасы банкте" сақталған тұрғын үй депозиттеріне ғана қатысты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/banks/2343258-biyl-turgyn-ui-depozitterine-memleketten-audarylatyn-syilyqaqy-molsheri-qandai/