jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Бақыт Жұматова 2019 жылы елімізде дағдарыс болатынын ашып айтты

    : Twitter

    Елімізге белгілі экстрасенс Бақыт Жұматова 2019 жылды Қазақстанда дағдарыс болатынын ашып айтты деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

    Фото: today.kz
    Фото: today.kz: Twitter

    Болашаққа болжам жасаған көріпкел экономиканың құлдырауы бірінші жартыжылдықта анық байқалатынын мәлімдеді.

    "Дағдарыс ақпан мен мамыр айларының арасында айқын байқалмақ. Өйткені ол уақытта доллардың бағасы күрт өседі. Біздің ел үшін биыл үлкен өзгерістер күтіледі.

    Сәуір айында экономикамызда көптеген реформалар жүзеге асады.

    Одан бөлек, елімізге Ресей мен АҚШ-тың да ықпалы арта түседі. Ал осы екі державалардың арасында 2024 жылы соғыс та болып қалуы мүмкін"- деді Жұматова.

    Бұл мәселеге қатысты саясаттанушы Ғазизат Имақова да пікір білдірді.

    "Дағдарыс өте қатты болады. Өйткені, ол осыдан 10 жыл бұрынғы дағдарыс сияқты тек қана экономикалық текетірекске, экономикалық жағдайдағы санкцияларға ғана тіреліп қоймайды.

    Ол саяси мәтінге тірелейін деп тұр. Саяси бәсекеге тірелейін деп жатқан экономикалық астар.

    Әлемдік дәрежедегі экономикалық саясаттағы өзінің ұстанымын қалай да басып, мойындатуға әкелейін деп тұрған дағдарыс. Сондықтан өте қатал болады" - деді ол.

    Ал нумерологтар қатер төндіре берудің қажеті жоқ екенін, барлығы адамның ерік-жігері мен күшіне байланысты болатынын айтуда.

    Бақыт Жұматова 2019 жылы елімізде дағдарыс болатынын ашып айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.