jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасын көтеру жоспарлануда

    Темекі
    Темекі. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі бағасын тағы да көтеру жоспарланып отыр. Темекі қаншаға қымбаттайтынын KAZ.NUR.KZ тілшілері біліп қайтты.

    Қазақстанда темекі өнімдерінің ең төменгі құны "Фильтрлі, фильтрсіз сигареттерге және папиростарға ең төмен бөлшек сауда бағаларын белгілеу туралы" бұйрықпен реттеледі.

    Бүгінде үкімет баға мөлшерлемесін қайта қарастырып, оны көтеруді жоспарлап отыр. Тиісті түзетулер жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланған.

    Қазір темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасы 650 теңгені құрайды. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 710 теңгеге дейін көтеру жоспарлануда. Бұл тариф жыл соңына дейін күшіне енуге тиіс, ал 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір темекі қорабы 770 теңгеге дейін көтеріледі.

    Жоба авторлары темекі бағасын не себепті көтеруді жоспарлап отыр:

    • ағымдағы жылы акциз мөлшерлемесі 14 пайызға артқан;
    • импорттық шикізат пен материалдардың бағасы орта есеппен 20 пайызға өскен;
    • темекі өнімдерінің шикізаттары мен компоненттерін жеткізу бойынша логистика күрделеніп кетті;
    • инфляция, 2022 жылдың соңына қарай 20 пайыздан асқан.

    "Жобаны әзірлеу темекі өнімдеріне қатысты өлшенген салық және баға саясатын жүзеге асыру, темекі мен темекі шегудің таралуы мен қолданылуын қысқартуға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге жәрдемдесуді көздейді", - делінген порталда.

    Оған қоса жобаны қабылдаудың теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдары болмайды.

    Қазақстанда темекінің ең төменгі бағасын көтеру жоспарлануда

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.