jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Рамазан Есмағамбетов
    Рамазан Есмағамбетов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандай бастады

    Азық-түлік
    Азық-түлік. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Ардақ Ерубаева

    Соңғы айларда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға индексі төмендей бастады. Қазір азық-түлік өнімдерінің бағасы қанша. Мұны KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

    Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуі жалғасуда және соңғы аптада яғни, 20-27 маусым аралығында ол бүкіл секторға әсер еткен.

    Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары көптен бері алғаш рет 0,1 пайызға арзандаған.

    Соңғы жеті күнде қарақұмық пен күнбағыс майының бағасы бірден 0,9 пайызға төмендеген. Қазір қарақұмық жармасының бір келісі орта есеппен шамамен 362 теңге, сұйық май литріне шамамен 812 теңге тұрады.

    Картоптың да құны айтарлықтай төмендеген. Яғни, бір аптада картоп 0,8 пайызға дейін, келісіне 178 теңгеге дейін арзандаған. Пияз 0,5 пайызға дейін, келісіне 194 теңгеге дейін арзандаған. 1 санаттағы тауық жұмыртқасының бағасы да төмендеген – 27 маусымдағы жағдай бойынша он данасы шамамен 452 теңге тұрады.

    Сондай-ақ 1 санаттағы бидай ұнының (0,3 пайызға, 234 теңгеге дейін), қант (0,2 пайызға, 443 теңгеге дейін) және айран бағасы (0,1 пайызға, 411 теңгеге дейін) аздап төмендеген.

    Соған қарамастан, өткен аптада кейбір өнімдер қымбаттай түскен.

    Мәселен, сәбіз 3 пайызға қымбаттап, бағасы 190 теңгеге дейін өскен. Дегенмен, жылдық динамика бойынша бұл бір жыл бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда арзанырақ. Ақ қырыққабат та бір аптаның ішінде 1,3 пайызға қымбаттап, бағасы 133 теңгеге дейін өскен, бірақ бұл да өткен жылғы бағадан әлдеқайда төмен.

    Қалған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір аптаның ішінде орта есеппен 0,1-0,2 пайызға қымбаттаған. Тек макарон өнімі (рожки) мен тауықтың сан етінінің (окорочка) бағасы мүлдем өзгермеген.

    Айта кетейік, бағаның төмендеуіне қарамастан, кейбір әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы алдыңғы жылмен салыстырғанда әлі де жоғары. Жалпы, сектордағы баға өсімінің жылдық көрсеткіші 9,1 пайызды құрайды, ал өткен аптадағы бағаның төмендеуі елдегі инфляцияның бәсеңдеп жатқанын көрсетеді.

    Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері арзандай бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.