jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда тағы бір арзан әуе компания пайда болуы мүмкін

    Әуедегі ұшақ
    Әуедегі ұшақ. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін Көлік министрлігінде өткен брифингте Азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев Қазақстанда тағы бір арзан әуе компания пайда болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Азаматтық авиация комитеті басшысы Талғат Ластаев Қазақстан әуе компаниясын ашатын инвесторлар үшін ашық екенін атап өтті.

    "Жаңа арзан әуе компаниясын ашуға біз ашықпыз, қазір әртүрлі компаниялармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз, ешқандай шектеу жоқ.

    Мендегі мәлімет бойынша қазір бірнеше инвестор жолаушылар, жүк тасымалдау компаниясын құру мүмкіндігін қарастыруда. Негізінде қазір қарастырылып жатқан таза бизнес-модель және мүмкін болашақта инвесторлардың бірі қаражат құйып, компания құрылатын шығар", - деді ол.

    Оның айтуынша, Қазақстанда ресми бекітілген шектеулер жоқ.

    "Бұл ресейлік инвесторлар емес, бұл Парсы шығанағы, Қытай және Оңтүстік-Шығыс Азия инвесторлары", - деп түйіндеді сөзін Талғат Ластаев.

    Қазақстанда тағы бір арзан әуе компания пайда болуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.