jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Екі триллион теңге бөлінген жоқ": су ресурстары мен ирригация министрлігі бөлінген қаржыға қатысты пікір білдірді

    Су
    Су. Көрнекі сурет: pxhere.com

    Су ресурстары мен ирригация министрлігіне су ресурстары жүйесін дамытуға 2 триллион теңге бөлінбеген. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді.

    "Екі триллион жайлы айтсақ, оған республика аумағындағы барлық су ресурстарының жүйесін қалыпқа келтіру бойынша мамандардың есептері кіреді. Су нысандарының тозғандығы да соның ішінде. Мұндай соманың бөлінуі жайлы сөз болған жоқ", - деді баспасөз өкілдері.

    Бұған дейін БАҚ беттерінде министрдің Қазақстандағы су саласының дамуына қанша қаржы қажет екені жайлы айтқаны жарияланған еді.

    Ведомствоның мәліметіне сәйкес, министрлікке бөлінген бюджет 110 миллиард теңгені құрады. Оның 25 миллиарды су шаруашылығы нысандарын жақсарту үшін әкімдіктерге берілмек.

    Қалған қаржы су шаруашылығы нысандарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарына, тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету үшін салынатын су құбырларының құрылысына, ирригациялық жұмыстарға, су саласы қызметкерлерінің еңбекақысына жұмсалады.

    "Екі триллион теңге бөлінген жоқ": су ресурстары мен ирригация министрлігі бөлінген қаржыға қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.