jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Жетісу облысында негізгі экономикалық индикаторлар жоспары орындалды

    Бейбіт Исабаев
    Фото: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

    Жетісу облысында биылғы жылдың он бір айында негізгі индикаторлар бойынша жоспар орындалды. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,3% құрады. Бұл туралы бүгін Астана қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен  брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Өңір басшысының айтуынша, салалар бойынша ауыл шаруашылығындағы өсім – 3,7% немесе 405,3 млрд теңге, өнеркәсіпте – 3,6% немесе 310,5 млрд теңге, тұрғын үйді пайдалануға беру 4,4%-ды құрады инемесе 283,7 мың ш.м., құрылыс жұмыстарының көлемі 1,4 есеге, сауда көлемі 1,3 есеге ұлғайды.

    Бейбіт Исабаев
    Фото: Жеңіс Ысқабай, Дмитрий Ерофеев

    "Жыл басынан бері облыс экономикасына 38% өсіммен 396 млрд теңге инвестиция тартылды, оның ішінде жеке инвестициялар – 291 млрд теңге. Жалпы мемлекеттік бюджетке 286 млрд теңге түсті, оның ішінде жергілікті бюджет 1,6 есе өсіп, 106 млрд. теңгеге жетті", - деді Бейбіт Исабаев.

    Жетісу облысында негізгі экономикалық индикаторлар жоспары орындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.