RU
Қаржы
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Алтын Орда" базарындағы ақша айналымы қалай қадағаланады: ұлттық экономика министрі жауап берді

Жарияланған күні:

"Алтын Орда" базары
"Алтын Орда" базары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауапта базардағы көлеңкелі экономиканы қалай жарыққа шығаратынын айтты, деп хабарлайды Kazinform.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алматыда "Digital Базар" пилоттық жобасын іске асыру қолға алынып жатыр.

"Қазақстан Халық банкі" сауда нүктелерін жалға алу шоттарын электронды түрде қою және төлеу, QR арқылы төлемдерді қабылдау, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүргізу, Алматы қаласының алты базарында цифрлық кредиттер беру тетіктерін енгізу бойынша "Digital Базар" пилоттық жобасын іске асырып жатыр. Бүгінде 1700-ден аса кәсіпкер пилоттық жобаның қатысушысы болды", - делінген жауапта.

Сондай-ақ, ол депутаттарға берген жауабында "Алтын Орда" базарының келешегіне жеке тоқталған.

"Digital Базар" пилоттық жобасын "Алтын Орда" базарына енгізу жоспарланып отыр. 2024 жылғы желтоқсанда министрлік "Алтын Орда" базарының, Халық банкінің өкілдерімен бірлесіп базарды цифрландыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Одан әрі министрлік жоғарыда аталған модульді Халық Банкінің деректер базасымен интеграциялайды. Бұл шешім әкімшілік жүктеменің төмендеуіне, есеп айырысудың ыңғайлылығына және бағаның ашықтығына, жеңілдіктер мен бағдарламаларға (бонустар/кэшбэктер) қол жеткізуге, қызмет көрсету сапасын жақсартуға әкеледі", - дейді Серік Жұманғарин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2225424-altyn-orda-bazaryndagy-aqsha-ainalymyn-qadagalaityn-tsifrlyq-zhuie-engiziledi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif