Алтын – 30 жыл: Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалар қоры қанша жылға жетеді
Опубликовано:
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі елімізде негізгі пайдалы қазбалар қоры туралы мәліметтерді жариялады. Бұл туралы ведомствоға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстан – табиғи ресурстарға бай ел болып қала береді.
Соңғы деректерге сәйкес, қазіргі өндіру көлемін ескерсек, негізгі пайдалы қазбалармен қамтамасыз етілу мерзімі мынадай:
- Алтын – 30 жыл;
- Мыс – 38 жыл;
- Қорғасын – 156 жыл;
- Темір кендері – 957 жыл;
- Көмір – 350 жыл.
Сол сияқты тұрақтылық марганец, титан, молибден және басқа да стратегиялық маңызды пайдалы қазбалар бойынша да байқалады.
"Бұл – қазбаларды ұтымды пайдаланып, геологиялық барлау жұмыстарын жүйелі жүргізу арқылы Қазақстан өз ресурстық әлеуетін сақтап қана қоймай, жаһандық шикізат нарығындағы орнын одан әрі нығайта алады деген сөз.
Ресурстық база тұрақтылығы – инвестиция тартудың, тау-кен өнеркәсібін дамытудың және елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тірегі", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2265360-altyn-30-zhyl-qazaqstannyng-negizgi-paidaly-qazbalar-qory-qansha-zhylga-zhetedi/