jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Сондай жоғары болмайды": Скляр доллар бағамына қатысты болжамын айтты

    Доллар мен теңге
    Доллар мен теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ / Владимир Третьяков

    Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр министрлер кабинетінде өткен брифингте доллар бағамы түседі деген ойын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл мәселені журналистер көтерді – олар доллар бағамы қалай өзгеретіні туралы сұрақ қойды. Қазір 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы 552 болып отыр.

    "Келер жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуға қатысты қабылданған болжамда доллар бағамы көрсетілген, оған мынадай бағам енгізілген: бір долларға 540 теңге, ал мұнай бағасы – салыстырмалы түрде пессимистік сценарий – барреліне 60 доллар. Түрлі нұсқа болуы мүмкін. Олжас Бектенов экономикалық даму болжамына қатысты сандарды айтты. Қазіргі жағдайға келер болсақ, "премьер-министрдің сөзі бағамның осы деңгейге дейін өсуіне ықпал етті" деу, менің ойымша, дұрыс емес", - деді Роман Скляр.

    Ол Ұлттық банк жеке құрылым екенін және үкіметке бағынбайтынын еске салды.

    "Олар өздері қажет деп санайтын ақша-несие саясатын жүргізіп жатыр, бірақ менің және әріптестерімнің болжамы бойынша доллар бағамы түседі және сондай жоғары болмайды. Біз бұған бірнеше рет куә болдық", - деп есептейді ол.

    "Сондай жоғары болмайды": Скляр доллар бағамына қатысты болжамын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.