jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстандағы алғашқы АЭС қандай болады: макеттің фотосы жарияланды

    АЭС макеті
    АЭС макеті. Фото: Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің баспасөз қызметі Алматы облысында салынады деп жоспарланған алғашқы қазақстандық АЭС-тің макетін көрсетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұған дейін агенттік бүгін, 8 тамызда Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Үлкен ауылы маңында Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясын салу жобасы бойынша жұмыстар салтанатты түрде басталатынын хабарлаған.

    "Рәсімде ресми мәлімдеме жасалып, топырақ алу бойынша бұрғылау жұмыстары басталады, содан кейін капсула ресейлік тарапқа зерттеу үшін салтанатты түрде тапсырылады", - дейді агенттік өкілдері.

    АЭС құрылысы жүретін жер
    АЭС құрылысы жүретін жер. Фото: Атом энергиясы агенттігінің баспасөз қызметі

    Еске сала кетейік, 14 маусымда "Росатом" Қазақстандағы бірінші атом электр станциясын салу жөніндегі халықаралық консорциумды басқаратыны белгілі болды.

    Кейінірек Атом энергиясы агенттігі Қазақстанда тағы бір АЭС салу жөніндегі консорциумның көшбасшысы қытайлық компания болатынын хабарлады. Агенттік басшысының айтуынша, Қытай тарабымен тиісті келіссөздер жүргізіледі.

    Қазақстан Республикасы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысының егжей-тегжейін бұған дейін мәлімдеген еді. Ол уран шикізатының иесі, операторы және өндірушісі, сондай-ақ болашақ атом электр станциясының барлық технологиялық процестерінің иесі Қазақстан Республикасы болатынын мәлімдеді.

    Сондай-ақ Атом энергиясы агенттігі өкілдері Ресейге салынған санкциялардың Қазақстандағы АЭС құрылысы барысына ықтимал әсері туралы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

    Сонымен қатар Қазақстандағы АЭС құрылысын аяқтаудың болжамды мерзімі 2035-2036 жылдарға жоспарланғаны белгілі болды.

    Қазақстандағы алғашқы АЭС қандай болады: макеттің фотосы жарияланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.