jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    "Росатом" АЭС құрылысына қазақстандық өндірушілерді тартпақ

    Олжас Бектенов "Росатом" бас директоры Алексей Лихачёвпен кездесті
    Фото: Қазақстан үкіметінің ресми Telegram-каналы

    Премьер-министр Олжас Бектенов пен "Росатом" корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Қазақстандағы алғашқы атом электр стансасын салудың қыр-сырын талқылады, деп хабарлайды үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан үкіметінің Telegram-арнасы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Олжас Бектеновке "Росатом" корпорациясының басшысы Алматы облысындағы алғашқы атом электр стансасы құрылысының басталғаны туралы ақпарат берді.

    Кездесу барысында тауарлар мен қызметтердегі қазақстандық қамту тетіктері, отандық құрал-жабдықтар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ кадрлық әлеуетті тарту, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды. Ядролық-отын циклі процестерін локализациялау мәселелері көтерілді. Сондай-ақ жетекші отандық және шетелдік әріптестерді біріктіретін халықаралық консорциум қалыптастырудың тәжірибелік тұстары қарастырылды.

    Ресей тарабы атом электр стансасы құрылысы аясында кооперацияның қажетті деңгейін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан және басқа елдердің жеткізушілерімен ынтымақтасуға дайын екендігін жеткізді.

    Премьер-министр Олжас Бектенов атом электр стансасының құрылысы мемлекет басшысының бақылауында екенін атап өтті. Үкімет жобаны жүзеге асыруға қажетті көмек көрсетеді.

    "Росатом" АЭС құрылысына қазақстандық өндірушілерді тартпақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.