Қазақстанда криптовалюта айырбастау пункттері пайда болады
Опубликовано:
Читать на русском
Үкімет отырысында Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Қазақстанда криптоиндустрияны дамыту жоспары туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оның айтуынша, министрлік криптоиндустрияны либерализациялау және цифрлық майнингке инвестиция тарту бойынша түзетулер әзірлеген.
"Атап айтқанда, түзетулерде Қазақстан аумағындағы өндірісті және айналымды заңдастыру; криптовалютаны айырбастау пункттерін лицензиялау; өндірілген цифрлық активтерді "Астана " халықаралық қаржы орталығында сату жөніндегі міндеттемені алып тастау, сондай-ақ электр станцияларын жаңғырту жобасын жүзеге асыру қамтылған", - дейді Мәдиев.
Сонымен қатар ол CryptoCity, мемлекеттік майнинг, криптоқор, ұлттық валютадағы стеблкоин және нақты активтерді токенизациялау сияқты жобалар жүзеге асырылып жатқанын айтты.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/nurfin/economy/2284158-qazaqstanda-kriptovaliuta-aiyrbastau-punktteri-paida-bolady/