jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    2026 жылдан бастап пәтерді жалға беру бойынша қосылған құн салығының шарттары қайта қаралады

    пәтер кілті
    Пәтер кілті. Иллюстрациялық фото: d3sign/Getty Images

    Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов жаңа Салық кодексін түсіндіру бойынша семинарда экономиканың түрлі саласына салу ұсынылған ҚҚС мөлшерлемелері туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Жәнібек Нұржанов дәрі-дәрмек, медициналық бұйымдар мен медициналық қызметтерге ҚҚС мөлшерлемесі 2026 жылдан бастап 5 пайыз, ал 2027 жылдан бастап 10 пайыз деңгейінде белгіленетінін атап өтті.

    Бұл ретте Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясындағы дәрілік заттар мен қызметтер, үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу ҚҚС-тан босатылады.

    "2026 жылдан бастап тұрғын үйлер мен пәтерлерді сату немесе жалға берудегі салықтық жеңілдік жойылады. Демек, тұрғын үйлер мен үй-жайларды салып жатқан құрылыс компанияларына келесі жылдан бастап салық салынады. 2026 жылдың 1 қаңтарына дейін басталған құрылыс нысандарына ҚҚС жеңілдігі нысан түпкілікті сатылғанға дейін күшінде қалады", - деді спикер.

    Салық кодексіне бірқатар жеңілдік енгізілген:

    • ішкі туризм бойынша туроператорлық қызметтер (қазіргі уақытта тек шетелден келушілер туризмі ҚҚС-тан босатылған);
    • отандық баспаханадан шыққан кітаптарды сату,
    • баспа кітаптарын басып шығару қызметтері,
    • археологиялық жұмыстар.
    2026 жылдан бастап пәтерді жалға беру бойынша қосылған құн салығының шарттары қайта қаралады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.