jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан үкіметі: Халық үшін арзандатылған ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды

    Салынып жатқан үй және ақша
    Салынып жатқан үй және ақша. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан үкіметі тұрғын үйді азаматтар үшін қолжетімді ету үшін ипотекалық несиелеуге өзгерістер енгізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Үкіметтің Telegram-каналында хабарланғандай, базалық мөлшерлеменің көтерілуіне байланысты екінші деңгейлі банктер тарабынан ипотекалық бағдарламалар бойынша ұсыныстардың қысқаруы аясында тұрғын үй-құрылыс жинақ жүйесін қолдау туралы шешім қабылданды.

    "Халық үшін арзандатылған ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды, бұл тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Аталған шара қолданыстағы "Наурыз" және "Наурыз-Жұмыскер" бағдарламалары арқылы несиелеу көлемін 500 млрд теңгеге дейін ұлғайту жолымен жүзеге асырылады.

    Сонымен қатар сұранысқа ие "Әскери баспана" бағдарламасы қайта іске қосылады, ол жыл сайын кемінде жеті мың әскери қызметшінің отбасына жаңа үйден бөлек, қайталама нарықтан да пәтер сатып алуға мүмкіндік береді.

    Құрылыс компанияларымен осы бағдарламалар шеңберінде салынатын тұрғын үй құрылысы бойынша офтейк-келісімшарттар жасалады. Бұл ретте құрылыс салушылар үш жылға бағаны бекіту бойынша қарсы міндеттемелер қабылдайды", - делінген үкімет хабарламасында.

    Қазақстан үкіметі: Халық үшін арзандатылған ипотекалық несие көлемі екі есе ұлғаяды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.