jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Жұманғарин: 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады

    Серік Жұманғарин
    Серік Жұманғарин. Фото: primeminister.kz

    Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Серік Жұманғариннің сөзінше, 2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3 пайызға өсіп отырады.

    Сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламалары жалғасын табады.

    Одан бөлек экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аударылады.

    Премьер-министр орынбасарының айтуынша, үкімет әлеуметтік қолдаудың атаулылық бағытын арттыруға ниетті.

    "Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту жоспарлануда. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3 пайыздан төмен болмайды", - деді Серік Жұманғарин.

    Жұманғарин: 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.