jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Жаңа жылдан кейін Қазақстанда бензин қымбаттай ма: министр жауап берді

    Жанармай құю бекеті
    Жанармай құю бекеті. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде бензин мен жанар-жағармай бағасы өсуі мүмкін бе? Журналистердің сұрағына энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Егер жанар-жағармай туралы айтатын болсақ, ең алдымен әлеуметтік маңызы бар – АИ-92 маркалы бензині мен дизель отынын атап өткен жөн шығар. Олардың бағасын бұрыннан мемлекет реттейді. АИ-95, АИ-98 маркалы безиндердің бағасы реттелмейді, сондықтан олардың бағасы өсуі мүмкін.

    Бізде АИ-92 бензині мен дизель отынына 2026 жылғы наурыздың соңына дейін мораторий жарияланған. Үкімет шешім қабылдаған яғни, сол уақытқа дейін сұйытылған мұнай газын қоса алғанда баға өзгермейді", - деді Ақордада журналистердің сауалына жауап берген Ақкенженов.

    Министр заң бойынша мемлекеттің жылына екі рет ғана бағаны реттеу мүмкіндігі бар екенін және наурыздың соңына дейін мораторий жарияланғанын тағы да еске салды.

    Жаңа жылдан кейін Қазақстанда бензин қымбаттай ма: министр жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.