jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тарифтердің өсімі 7 жылға "тоқтатылмайды": Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

    Электр энергиясын есептейтін құрал
    Электр энергиясын есептейтін құрал. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Энергетика министрлігі алдағы жеті жыл ішінде электр энергиясы тарифінің өсімі "тоқтатылатынына" кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Энергетика министрлігі 2026–2032 жылдарға арналған электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту тәртібін түсіндірді.

    "Электр энергетикасы туралы" Заңға сәйкес, жетіжылдық кезеңге тарифтерді бекіту – қолданыстағы тарифтердің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін (2025 жылдың соңы) министрлік орындауға міндетті рәсім.

    "️Жобада көрсетілген (2025 жылғы деңгейде) цифрлар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі қолданыстағы тапсырманы ескере отырып қалыптастырылған. Бағаларды көтеруге қатысты мораторий жағдайында Энергетика министрлігінің болашақ кезеңдерге арналған тарифтердің өсуін нормативтік құқықтық актіде белгілеуге заңды құқығы жоқ. Осыған байланысты, құжат қазіргі уақытта күшінде тұрған шектеу шараларына толық сәйкес келетін қолданыстағы баға параметрлерін бекітеді", - делінген министрлік хабарламасында.

    ️Сонымен қатар, министрлік мәліметінше, Қазақстанның заңнамасы шекті тарифтерді түзету механизмін көздейді. Бұл рәсімді энергиялық өндіруші ұйымдар тек экономикалық негізделген шығындарды өтеуге бағытталған объективті нарықтық факторлар өзгерген жағдайда ғана бастай алады.

    "️Осы ретте, кейбір БАҚ-та жобаға қатысты "тариф өсімін жеті жылға тоқтату" туралы ақпарат құжаттың рәсімдік мәнін толық ашпайды. Бұйрық қазіргі құқықтық жағдайды бекіте отырып, қолданыстағы мораторий мерзімі аяқталғаннан кейінгі нарықтық өзгерістерге ден қою мүмкіндігін жоққа шығармайды.

    Қазір Энергетика министрлігі энергиямен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және тұтынушылардың мүддесін қорғау бағытын берік ұстана отырып, тарифтерді қолданыстағы деңгейде сақтап келеді", - деп қосты министрлік өкілдері.

    Тарифтердің өсімі 7 жылға "тоқтатылмайды": Қазақстанда электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.