jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Ұлттық банк 2026 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

    Ұлттық банк ғимараты. Фото
    Ұлттық банк ғимараты. Фото: nationalbank.kz

    Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылы қабылданатын шешімдер кестесін бекітті, деп хабарлайды Ұлттық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    ҚҰБ-ның мәліметінше, келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша сегіз шешім қабылдау жоспарда тұр, оның төртеуі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады.

    "Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", - делінген хабарламада.

    2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:

    • 23 қаңтар;
    • 6 наурыз;
    • 24 сәуір;
    • 5 маусым;
    • 24 шілде;
    • 4 қыркүйек;
    • 23 қазан;
    • 4 желтоқсан.

    Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк 28 қарашада жариялаған шешімінде базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды.

    Қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайызға дейін көтерген еді.

    Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдап, инфляцияны төмендетуге, қаржы нарығы мен цифрлық трансформация секторының тұрақтылығын қамтамасыз етуге баса назар аударуды тапсырды.

    Ұлттық банк 2026 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.