jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда еңбек биржасында қай маманға жоғары жалақы ұсынылған

    Еңбек кітапшасы
    Еңбек кітапшасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қарашада электронды еңбек биржасында 100 мыңнан астам бос жұмыс орны жарияланды. Ең жоғары жалақы бас құрылысшыға – орташа есеппен 640 000 теңге және одан жоғары айлық ұсынылған. Толығырақ KAZ.NUR.KZ мақаласында.

    Қазақстандағы орташа жалақы 429 368 теңге шамасында. Әрине, барлығының бірдей табысы сондай деп айтуға болмайды, көпшілігінің жалақысы 120 000 теңгеге де жетпейді. Алайда жұмыс берушілер кейбір мамандарға жақсы айлық беруге дайын.

    Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, қарашада электронды еңбек биржасына 101 100 бос жұмыс орны жарияланған.

    Тау-кен өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында, әкімшілік қызметтерде, тұрғын үй және тамақ өнеркәсібінде мамандарға сұраныс артты. Медицина мамандары, тәрбиешілер мен жүргізушілер ең тапшы мамандар қатарынан көрінді.

    Сонымен қатар бос жұмыс орындары тізбесінде жоғары жалақы ұсынылған лауазымдар да бар. Мысалы қарашада ең жоғары орташа жалақы бас құрылысшыларға ұсынылды — 640 мың теңгеден және одан жоғары.

    Сондай-ақ жұмыс берушілер өндірістік учаске басшыларына (595 мың теңгеден) және авиадиспетчерлерге (568 мың теңгеден) орташа республикалық деңгейден жоғары төлеуге дайын.

    Қарашадағы мәліметке сәйкес, ең жоғары жалақыны елімізде ұшқыштар сұрап отыр (орташа есеппен 1,9 млн теңге), сондай-ақ IT бөлімшелерінің басшылары мен бас геологтары 1,2 млн теңге айлыққа жұмыс істейтінін көрсеткен.

    Жалпы алғанда Еңбек министрлігі қарашада жұмыс орындарын жариялау белсенділігі төмендегенін, бос орындар туралы хабарландырулар мен түйіндемелердің азырақ орналастырылғанын атап өтті. Бұл сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы өзгеріссіз қалғанын көрсетеді, оның себебі маусымға байланысты.

    Қазақстанда еңбек биржасында қай маманға жоғары жалақы ұсынылған

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.