jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды

    тауық жұмыртқасы
    Жұмыртқа. Иллюстрациялық фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Қазақстан аумағына тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Қазақстан Республикасының аумағына тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 5 желтоқсандағы № 447 бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (СЭҚ ТН: 040721) әкелуге 1 ай мерзімге уақытша тыйым салынды.

    Тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқасының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды", - делінген хабарламада.

    Министрліктің мәліметінше, тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілген.

    Бұйрық 2025 жылғы 11 желтоқсанда күшіне енген.

    Қазақстанға тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым салынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.